Оқу құралында байланыстырғыш материалдардың негізгі сипаттамасы, олардың жіктелуі қарастырылған. Оқу құралында шикізат материалдары туралы ақпарат (басты және қосымша), байланыстырғыш материалдарды алу және олардың қатуының физика-химиялық негіздері, сонымен қатар олардың өндірісінің негізгі технологиялық кезеңдері келтірілген. Оқу құралында әртүрлі байланыстырғыш материалдардың сапасы бойынша тәжірибелік жұмыстар берілген.
Оқу құралы химия-технологиялық мамандықта білім алатын студенттерге, сонымен қатар оқытушылар мен байланыстырғыш материалдарды алу саласы бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерге арналған.