Дәрістер жинағында дипломатиялық және консулдық қызметтің ежелгі кезеңнен қалыптасуы мен дамуы, оның ежелгі мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастардағы мәні мен рөлі қарастырылған. Дәрістер жинағы халықаралық қатынастар мамандығы бойынша оқитын студенттерге, магистранттарға арналған.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы доцентінің монографиялық еңбегі ХХ ғ. 50-60-жылдардағы француз-герман қатынастарының даму үрдісіне арналған. Француз-герман қатынастарындағы негізгі қағидалар мен өзара қатынастардың саяси ерекшелігі ғылыми негізде жан-жақты сараптаудан өткізілген. Екі елдің қатынасында маңызды орынға ие болған «Елисей келісім шартының» мәні мен маңыздылығы, сол кездегі кеңестік көзқарастың түп-тамыры айқындалған. Монографиядағы мәліметтер мен нәтижелердің жоғары оқу орындарында халықаралық қатынастар тарихы, Германияның, Францияның сыртқы саясаты бойынша арнайы пәндерден дәріс беруде, сондай-ақ француз-герман тарихына қызығушылық танытатын оқырмандар үшін пайдалы болары сөзсіз.
Оқу құралы халықаралық қатынастар жүйесіндегі дипломатиялық хат алмасу мен дипломатиялық қызметте пайдаланылатын құжаттардың мəні мен рөлін қарастыруға, олардың құрылымын саралап, дипломатиялық құжаттарды дайындаудағы жəне ресімдеудегі тəжірибелік шеберлікті меңгеруге арналған. Оқу құралы халықаралық қатынастар мамандығында оқитын студенттер үшін дайындалынды.
Оқу құралында Еуропа және Америка жетекші елдерінің қазіргі заман тарихының бірінші кезеңіндегі аса маңызды мәселелерін қарастырады. 1918 жылдан 1945 жылға дейінгі аралықтағы осы елдердің тарихи дамуын ашуда басты көңіл саяси-экономикалық, әлеуметтік және сыртқы саясаттарын жан-жақты саралауға бөлінеді. Оқу құралы халықаралық қатынастар және аймақтану мамандығында оқитын студенттерге арналған.