Сырдар. Алмагул Наурызбаевна Актаева

Читать онлайн.
Название Сырдар
Автор произведения Алмагул Наурызбаевна Актаева
Жанр Современная русская литература
Серия
Издательство Современная русская литература
Год выпуска 0
isbn 9785449625298



Скачать книгу

поезд жүретін жолға бара жатырмыз, – деп арасынан біреуі жайын айтты. Нәсіп пен Қаламқас бір-біріне қарап, әңгімелерін тыңдап тұрды.

      Арбаны екі ер жігіт екі жақтан ұстап, тау жаққа жүріп кетеді. Соңынан әйелдері де еріп, кетіп қалады. Күннің көзі көтеріліп, дала ыси бастады. Нәсіп пен Қаламқас біраз тұрып, үйге кіріп кетеді.

      Бір кезде Нәсіп орнынан тұрып, отбасының халі әлсіреп бара жатқанын ойлап: – Мен әке-шешемнің жағдайларын біліп қайтайын, – деп айтып, жаяу көрші ауылға шығады. Үйге жақындаған сайын қатты дауыстардың шыққаны естілді. Асығып, жүгіреді. Үйде жылап отырған анасы мен қасында көрші әйелді көреді. Алдынан Қуандық інісі атып шығып:

      – Аға, ағатайым, әкемізді алып кетті! Үй ішіміздің ойранын шығарып, құран кітабын тауып алды. Әкемізді «сатқын» деп, ұрып, алып кетті! – деп жылап, болған оқиғаны жайып салады.

      – Не болдық енді, не болдық, қайттық енді? Құдайым-ау, құдайым-ау! … – деп анасы еңіреді. Нәсіп анасына жақындап, не істерін білмей, біраз отырады.

      Ойын жинақтап: – Бізбен жүр, анашым! Бірге болайық!… – дейді.

      – Қайда барамыз, балам? Мен бара алмаймын.

      – Анашым, қызыл армия әкеткен адамдардан біреуі де әлі артқа қайтқан жоқ. Отбасылары болса аш, енді қалғанда аштықтан бәрі қырылып, өліп қалады.

      – Қайтейін енді, балам-ау, не істесек екен? Әкелеріңді қайдан іздейміз? – деп зарлап жылай берді.

      Нәсіптің ұсынысын естіген Қуандық, тез арада киімдерін жинай бастады.

      – Ештеңе алма, тамақты алсаң болды, – деп Нәсіп айтады. Анасы орнынан тұрып, бірнеше таба нан мен құртты орамалға орап, дорбаға салып қояды.

      – Төсек орнымызды қалай тастап кетем-ау, – деп ойлағанда, есік алдында оны екі ұлдың тосып тұрғанын көреді.

      Солай Нәсіп анасы мен інісін өзімен бірге алып кетеді.

      Сырдар мен Айсұлу терезеден әжесінің келе жатқанын көріп, алдынан жүгіріп шығады.

      – Ата, ата да келді ме? – деп әжесін құшақтаған Сырдар сұрады. Әжелерін сонша қатты сағынған екі немересі аяқтарына жабысып, үйге кіреді.

      – Балапандарым менің!… – деп, дорбадағы орамалын ашып, наннан үзіп береді.

      Күміс әженің қолынан ұстап, мұражайға барады. Такси жүргізуші де соңдарынан ереді. Мұражайға кірген бетте оларды туристік гид қарсы алды.

      – Сәлеметсіздер ме? Көмегім қажет болса, мен біраз экскурсия жүргізейін.

      Ал Айсұлу ешкімді көрмей, естімей, макеттерге кигізілген қызыл армия костюмдеріне қарап, бір орында тоқтап қалады.

      – Балам, – дейді такси жүргізушіге қарап, – кішкене отыра тұрайықшы.

      – Әрине отырыңыз, – ішіне қарай барып, орындыққа отырғызады. Сол жерде Айсұлуға бала кезі тағы есіне түсіп, ол үндемей, терең ойға батып кетеді.

      Күн ысып кетті. Нәсіп інісімен үйге кірді. Қаламқас үстел жасап, әжесі әкелген нанмен бәрі отырып, шай ішеді. Балалар әжесінің келгеніне қуанып, үстел басында ойнап, тырқ-тырқ күліп отырады.

      – Әже, ана адамдар әкеммен ұрсысып, неге біздің малымызды тартып алды? – деп бір кезде Сырдар сұрады. Үстел