Название | Қышқылдық-негіздік әрекеттесу негіздері курсы бойынша әдістемелік нұсқау |
---|---|
Автор произведения | Назгүл Дaлaбaевa |
Жанр | Химия |
Серия | |
Издательство | Химия |
Год выпуска | 2016 |
isbn | 978-601-04-2272-8 |
Оның шешімі тез-ақ келген. Табылған күкіртті дөңдер – күкірт қышқылының табиғи өндірушілер екені белгілі болды. Ыстық шөл жағдайында қарқынды күн радиациясынан түзілген, атомдық оттек әсерінен, күкірт тез-ақ күкірттің (IV) оксидіне, сосын күкірттің (VI) оксидіне тотығады. Мұнда құмның құрамындағы металл оксидтері катализатор қызметін атқарады екен. Алынған күкіртті ангидрид түнгі ылғалды қызғана жұтып, тез-ақ қышқылға айналады. Табиған күкірт қышқылын осылай өндіреді. Осындай зауыттар мыңдаған жыл бойы болғанымен, өзендердегі таза күкірт қышқылын табу мүмкін болмады. Топырақпен әрекеттесіп, қышқыл сульфатқа айналады, сосын олар грунттық сулармен теңізге шығарылады.
Кейінірек күкірт қышқылы тек күкірт дөңдерімен ғана емес, атмосфераға түсетін күкірт қышқылы газының тотығуынан да өндірілетіні анықталды. Қазір бұл газ атмосфераға өте көп келуде. Қазіргі күні ол қоршаған ортаны ластаушылардың бірі болып табылады. Егер кезінде оның негізгі көздері жанартаулар болса, қазір олардан басқа әлемнің барлық өндірістері жылына шамамен 140-150 млнтонна күкірт қышқылын бөледі екен.
Атмосферада күкірт қышқылы газының көп мөлшері озонмен күкірт қышқылына дейін тотығады түзеді, ол сол сәтте-ақ жерге қышқыл жаңбыр болып жауады. Мұндай жауын астында өмір сүру жағымсыз болғандықтан, АҚШ, Франция сияқты және т.б. капиталисттік елдердің кәсіпкерлері өз зауыттарында және жылуэлектрстанцияларында биіктігі 400 метрге дейін түтіндік құбырларды жасай бастады. Оңтүстік желдері құбырдан шыққан түтіндерді ұстап алып, оларды ары қарай алып кететін болған. Бірақ жер шексіз емес. Ағылшын, француз, неміс газдарының мыңдаған тонналары Оңтүстік Скандинавияны жаулаған, соның салдарынан онда жылына жердің әрбір квадрат километріне күкірт қышқылының тоннасы тұнба болып түсетін болған. Бұл орманның көптеген ауруларына, топырақ эррозиясына әкелді және дәнді-дақылдар өсетін қабатты жауын-шашынның шайып кетуіне және т.б. әкеп соқты. Сонымен қатар, өзендегі барлық балықтар құрыды. Норвегияда зерттелген 150 өзеннің 145-і балықсыз қалды. Қазір осындай жағдай еуропа елдерінде де болып жатыр, бұл күкірт қышқылы газының салдарынан екені түсінікті. Сондықтан да РФ-да «Орман бүгін өліп жатыр. Біз ертең өлеміз»