Коллоидтық химияның көрнекі тəжірибелері. Əзімбек Қоқанбаев

Читать онлайн.



Скачать книгу

нәтижесі: Электрдиализатордың ортаңғы бөлігіне тазартылмаған темір гидрокірнесін, ал шеткі бөліктеріне айдалған су құямыз. Электрдиализаторды магниттік араластырғышқа қойып, ортаңғы бөлікке шыныға дәнекерленген магниттік араластырғышты жіберіп, платина электродтарын тұрақты ток көзіне қосамыз.

      Электрдиализаторды вольтметр және минивольтметр арқылы қалай қосу керек екені (5-сурет) көрсетілген. Магниттік бұлғағышты қосып, тұрақты ток көзі арқылы платина электродына кернеу бере отырып, миллиамперметрдің көрсеткіштерін бақылаймыз.

      5-сурет. Кернеу көзіне вольметр, амперметр және электродиализаторды қосу сұлбасы

      Ескерту: Тәжірибені 1-2 минуттың ішінде көрсетуге болады. Тұрақты ток көзі ретінде кең таралған ВСА-4 түзеткішін қолданған дұрыс.

      Тәжірибенің түсіндірілуі: электрдиализаторды қоса салған кезде, ток тізбегінде ток күші өте аз болады. Бірақ электролиттердің целлофен жарғағы арқылы ауысуы нәтижесінде ток күшінің өзгерісіне қарап электрдиализаторда өтіп жатқан құбылыстарға қорытынды жасап айтуға болады.

      3-тәжірибе. Ультрасүзу әдісімен кірнелерді тазарту

      Тәжірибеге қажетті нәрселер: 1) Коллодий ерітіндісі; 2) Канифоль ерітіндісі; 3) Судағы қара туштың кірнесі; 4) Бунзен құтысы; 5) Бюхнер құйғысы; 6) Комовскийдің сорғысы; 7) Үшжүрістік шүмек; 8) Кірнесіз сүзгіштер; 9) Ультрасүзуге арналған құрылғы; 10) Талшықтас торы; 11) 500 мл-лік құты; 12) Жазық параллель қабырғалалары бар бірнеше кішкене ыдыстар; 13) Бунзен жанарғы; 14) Үшаяқты тұрғы.

      Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Ультрасүзу әдісі үшін жарғақты былай дайындауға болады. Түбі жазық, ұсақ тесікті кәрденді Бюхнер құйғысына кірнесіз сүзгішті құйғыштың түбіндегі саңлауларының бәрі жабық тұратындай етіп саламыз, бірақ сүзгіштің бойымен жоғары көтеріліп кетпейтіндей болу керек. Құйғышты Камовский сорғысы жалғанатын Бунзен құтысына резіңке тығыны арқылы орналастырамыз. Құйғыға ыстық айдалған су құйып, сорғыны қосып ағызамыз. Содан соң дымқыл сүзгіш 10-15 мл сулы жылытқышта жылытылған 4 %-дық коллодий ерітіндісін құямыз да, сүзгіштің барлық бетінде, коллодий біркелкі таралғанша құйғыны айналдырып отырамыз. Қалған коллодийдің артық мөлшерін толығымен ағызып жібереміз. Ауада 10-15 минут кептіргеннен кейін құйғыға коллодий ерітіндісін қайта құйып, жоғарыдағы ретпен тәжірибені қайталап, орындап шығамыз. Екінші рет кептірген сүзгішті 20-30 минут, айдалған суға салып қоямыз, содан кейін ғана ары қарай жұмыс істеуге жарамды болады.

      Енді 6-суретте көрсетілгендей, ультрасүзуге арналған құрылғыны құрастырамыз. Бюхнер құйғысының түбіне дайындалған ультрасүзгішті, ал бетіне ені 5 мм-дей болатын төселімді резіңкелі сақиналы төңкерілген шыны құйғыны орналастырамыз. Оны эбонит табақшасы, резіңкелі шайбы және қысатын винттер арқылы Бюхнер құйғысына тығыздап қысамыз. Егер сорғыны қысқанда құйған су жарғақ арқылы 2-4 секундта 1 тамшыдан аспайтындай жылдамдықпен өтсе, онда ультрасүзгі, тәжірибені жүргізуге жарамды болып есептелінеді.

      Тәжірибенің оындалуы: