Стратегиялық менеджмент. Сауле Купешова

Читать онлайн.
Название Стратегиялық менеджмент
Автор произведения Сауле Купешова
Жанр Зарубежная образовательная литература
Серия
Издательство Зарубежная образовательная литература
Год выпуска 2015
isbn 978-601-04-0849-4



Скачать книгу

бағыт бойынша өзгеріс енгізбей дами алмайды.

      Осылайша, ұйым стратегиясы жоспарланған әрекеттер мен белгісіз жағдайлар кезіндегі қажетті түзетулерден тұрады. Ең дұрысы, стратегияны жоспарланған әрекеттер мен нарықтағы жаңа жетістіктерге бейімделу және бәсекелестік күрес алаңындағы жаңа позиция бойынша жедел шешімдердің комбинациясы ретінде қарастырған жөн. Ағымдағы стратегия компанияның ішінде, сондай-ақ одан тыс болып жатқан жағдайларды, факторларды ескере отырып, менеджермен құрастырылады.

      1.4. Бизнес бірліктер стратегиясының ерекшеліктері

      Ұйым стратегиясы үнемі жетілдіріліп, сыртқы орта өзгерісіне икемделіп отырылуы тиіс. Өйткені стратегия құрастыру барысында болашақта алдын ала барлығын ұсақ-түйекке дейін ойластыру мүмкін емес және сол стратегияның ұзақ мерзім өзгеріссіз тұруы дұрыс емес. Оны жасау үдерісі әрқашан тәуекелі жоғары және бәсекені алдын ала болжау мүмкін емес, бағалардың құлдырауы мен көтерілуі, негізгі өнеркәсіптік бәсекелестер арасында орын ауыстыру, жаңа реттеу, сауда кедергілерінің төмендеуі немесе кеңеюі және көптеген оқиғалардың шексіз саны жағдайында жүргізіледі.

      Әрқашан тосын жағдайлар болып жатады, нәтижесінде жаңа стратегиялық мәселелер туындап, үдеріс күрделенеді. Сондықтан стратегияны жетілдіру міндеті шексіз құбылыс. Жаңа стратегия қандай себептерге байланысты құрастырылады? Біріншіден, жаңа стратегия ұйым жаңа ғана қалыптасып жатқанда даму жоспары мен бағыты ретінде құрастырылады. Екіншіден, компания қызмет атқарып жатқан сала құлдырай бастап, пайда мөлшері кеміп, компания табыссыздық жолына түскен кезде оны құтқару үшін жаңа стратегия ойластырылады. Үшіншіден, компания өзінің даму шегіне жетіп, қызмет атқарып жатқан саласында мүмкін болатын нарық үлесін қамтып, қанағат деңгейіне жеткенде, басқа салаларды игеру мақсатында жасалады. Яғни қаржылық мүмкіншілігі мол компания диверсификация саясатын жүргізеді. Осындай көп салалы қызмет атқаратын ұйымдарды стратегиялық менеджмент тұрғысынан корпорация деп атайды.

      Ал бір ғана салада қызмет атқаратын, бір қызмет түрін немесе өнім түрін өндіретін компанияларды, корпорациялардың бір салалық тармағын бизнес бірлік немесе тар салаға маманданған ұйым дейді.

      Корпорациялар мен бизнес бірліктер стратегиясының көптеген ерекшеліктері бар. Солардың бірі – құрылымына байланысты стратегия деңгейлері. Стратегия тұтас ұйым үшін де, сонымен қатар оның жекелеген қызметтік бөлімдері – ғылыми-зерттеу, сату, маркетинг, қаржы, еңбек ресурстарын басқару бөлімдері үшін де керек. Әдетте компанияның жалпы стратегиясы менеджерлер ұсынған жаңа идеялар моделінен туындайды.

      Ұйым құрылымына қатысты стратегия бірнеше сатылы пирамидадан тұрады. Стратегиялық пирамиданы құру – тек басшылықтың міндеті ғана емес. Ірі кәсіпорындарда дамудың жаңа бағыттарын басқару әдістері мәселесі жөніндегі шешімдерді корпоративтік басшылармен, шаруашылық бөлімшелердің басшыларымен, жалпы корпорация немесе бөлімшелерінің өндіріс, маркетинг, сатылым, қаржы, еңбек ресурстары