Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014). Бақыт Бөжеева

Читать онлайн.



Скачать книгу

кездесіп, бірқатар құжаттарға қол қойды.

      9 қараша. «Қазақстан Республикасының Жұмыспен қамту саласындағы саясат жөніндегі 1964 ж. Конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының заңы.

      16 қараша. БҰҰ Бас Ассамблеясының 53-сессиясында «Қазақстандағы Семей ядролық сынақ алаңы маңындағы тұрғындарға жәрдемдесу және экономикалық даму мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық» қарары қабылданды.

      2 желтоқсан. Ослода өткен ЕҚЫҰ қатысушы-мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің кеңесі барысында Қазақстан Республикасының үкіметі мен ЕҚҰЫ арасында Алматыда ЕҚЫҰ Орталығын ашу туралы меморандумға және Қазақстан Республикасының үкіметі мен ЕҚЫҰ-ның Демократия және адам құқығы жөніндегі бюросы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

      4 желтоқсан. Астанада Орталықазиялық одақтың Саммиті.

      8 желтоқсан. БҰҰ-ның Орталық Азия елдеріндегі транзит жүйесі бойынша қарары.

      11 желтоқсан. Қазақстан Республикасының «1998 жыл 6 шілдеде Мәскеуде қол қойылған Кедендік Одаққа мүше-мемлекеттер аумағы арқылы транзиттің бірыңғай шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заңы.

      22 желтоқсан. Қазақстанға Ресей Федерациясының премьер-министрі Е. Примаков ресми сапармен келді. Келіссөз барысында Атырау-Самара мұнай құбырын қайта құру туралы шешім қабылданды.

      24-26 желтоқсан. Мәскеуде Кедендік Одақ пен ТМД мүше-мемлекеттері үкімет басшылары кеңесінің отырысы.

      1999 жыл

      10 қаңтар. Қазақстан Республикасының Президенті болып 81,71 % дауыс алған Н.Ә. Назарбаев қайта сайланды.

      28 қаңтар. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумның жұмысына қатысты.

      4 ақпан. Қазақстан Босқындар жөніндегі халықаралық келісімге қол қойған Орталық Азиядағы төртінші, әлемдегі жүз отыз жетінші ел болды.

      26 ақпан. Мәскеуде Кедендік Одаққа мүше мемлекет басшыларының кездесуі өтті. Кездесу нәтижесінде Кедендік Одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы келісімшарттарға қол қойылды.

      11 наурыз. Сенат Қазақстан-Қытай шекаралары бойынша мемлекетаралық келісімдерді ратификациялау туралы заңдарға қол қойды.

      11-12 наурыз. Нью-Делиде ҚР-ның Инвестициялар жөніндегі агенттігі мен ҚР-ның Үндістандағы елшілігі бірігіп ұйымдастырған «Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері» атты халықаралық конференция өтті.

      2 сәуір. Мәскеуде ТМД мемлекет басшыларының кеңесі өтті, оған 12 ел басшысы қатысты. Отырыс барысында Ұжымдық қауіпсіздік келісімін ұзарту (Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузиядан басқа) туралы хаттамаға, ТМД даму бағыттары туралы декларацияға, 1994 жылғы 15 сәуірде қабылданған Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға, ТМД органдарының құрылымын реформалау және жетілдіру туралы шешімге қол қойылды.

      6 сәуір. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев бірқатар халықаралық келісімдерді ратификациялау туралы заңдарға және Қазақстан Республикасының