Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014). Бақыт Бөжеева

Читать онлайн.



Скачать книгу

ТМД барлық мүше-елдері қатысқан Қауымдастық елдері басшылары кеңесінің отырысы өтті. ТМД мүше-елдерінің Төлем одағы мен экономикалық одақтың дұрыс қызмет етуі мен тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалуына қажетті төлемнің тиімді жүйесін құру туралы шешім қабылданды. Қазақстан бастамасымен Мемлекетаралық экономикалық комитет құру туралы келісімге қол қойылды. ТМД интеграциялық дамуының негізгі бағыттары туралы меморандум қабылданды.

      1-2 қараша. Алматы қаласында қазақстандық-америкалық қатынастардың әрі қарай дамуына үлкен маңызға ие болған бірлескен қазақстандық-америкалық комитеттің алғашқы отырысы өтті. АҚШ-тың Қазақстан үшін көмек бағдарламаларын жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар бойынша үкіметаралық келісімге қол қойылды.

      13 қараша. ҚР мен Франция Республикасы арасындағы достық, өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы келісімнің ратификациялануы мен күшіне енуі.

      30 қараша-3 желтоқсан. Алматыға Моңғолия премьер-министр П. Жасрайдың ресми сапары. Сапар барысында Азаматтардың өзара сапарлары туралы келісімге қол қойды.

      1 желтоқсан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев ресми сапармен келген Моңғолия премьер-министрі П. Жасрайды қабылдады.

      4-8 желтоқсан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Венгрия Республикасына ресми сапармен барды. Н.Ә. Назарбаев Будапештте ЕҚЫК-тың қатысушы мемлекеттері және үкімет басшыларының жұмысына қатысты.

      5 желтоқсан. Будапештте Ұлыбритания, Ресей және АҚШ басшылары Қазақстан Республикасына қауіпсіздік кепілдігін беру туралы меморандумға қол қойды. ҚР Президенті Лиссабондық хаттамаға қол қойды.

      16 желтоқсан. ҚР мен ГФР үкіметтері арасындағы мәдени ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

      16-17 желтоқсан. Лиссабонда Еуропалық Энергетикалық Хартия келісімінің қорытынды құжатына қол қойылды.

      18 желтоқсан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Алматыға келген Латвия Президенті Гунтис Улманиспен кездесті.

      1995 жыл

      1-3 қаңтар. ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевтың Бразилия Республикасына жаңа Президент Ф. Кардосоның инагурациясына қатысу үшін ресми сапары болды. Сапар барысында министр Бразилия Президентімен кездесіп, оған ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жеке жолдамасын табыстады.

      1 қаңтар. Қ. Тоқаев Аргентина Республикасының Президенті К. Меномен Бразилия астанасында кездесті. Кездесу кезінде оған Н.Ә. Назарбаевтың жеке жолдауы табысталды.

      1 қаңтар. Қ. Тоқаев Аргентина Республикасының Сыртқы істер министрі Г. Марио де Телламен кездесті.

      2 қаңтар. Қ. Тоқаев Чили Республикасының Сыртқы істер министрі Х. Инсульзамен кездесті.

      4-6 қаңтар. ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевтың Кубаға ресми сапары. Министр Мемлекеттік кеңестің төрағасы Ф. Кастромен, Сыртқы істер министрімен, Министрлер кабинетінің төраға орынбасарымен, Куба Ұлттық ассамблеясының төрағасымен кездесті.

      12 қаңтар. Парижде экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық