Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945). Амангелді Әліпбаев

Читать онлайн.



Скачать книгу

келісімі әртүрлі қоғамдық-саяси жүйедегі мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты реттеудегі оң іс болды, бірақ кеңестік өкілдік топ басқа мемлекеттермен нақтылы келісімдерге келе алмады. 1922 жылдың 19 мамырында Генуэ халықаралық мәслихаты өзінің жұмысын тоқтатты.

      «Орыс мәселесін» талқылау Генуэде қатысқан елдердің қатысуымен (Германиядан басқасы) Гаагада 1922 жылдың 15 маусымынан 20 шілдеге дейін өткен халықаралық мәслихатта жалғасын тапты. Антанта елдерінің өкілдері бұрынғысынша өз талаптарын орындатуға тырысты. Кеңестік Ресейдің өкілдік тобы егер несиелер алған жағдайда пайызсыз соғысқа дейінгі қарыздарды өтейтіндіктерін қайталады. Бұл жолы да екі жақ «орыс мәселесінде» ортақ шешімге келе алмай, мәслихат жұмысы тұйыққа тірелді.

      Лозанн халықаралық мәслихаты. Антанта елдері – Ұлыбритания, Италия Франция және кейінірек қосылған Грекия 20 жылдардың басындағы Түркия мен Грекия арасындағы таяушығыстық дағдарысқа қарай Севр келісімшартын қайта қарастыруды көздеді. 1922 жылдың 11 қазанында түріктік Мұдани кемежайында Антанта жағы Түркияның әскери өкілдерімен уақытша бітімге келді. Мұдани уақытша бітімі бойынша Түркия мен Грекия арасындағы әскери іс-қимылдың тоқтатылуын; гректік әскердің Шығыс Фракиядан шығарылып, оның Марицы өзенінің сол жақ жағалауына дейін әкетілуін; Марицы өзенінің оң жақ жағалауын Антанта әскерлерінің басып алуын; бүкіл Фракия аумағындағы азаматтық билікті түріктік өкілдерге 30 күн ішінде өткізуін; ешқандай тараптың өз әскер санын көбейтпеуін, бекіністерді салмау және әскери жұмыстар жүргізбеуін; бітімшарт бекітілгенге дейін Түркияның Шығыс Фракияға әскер кіргізбеуі жөнінде міндеттемені қарастырды.

      Грекияның кемалдық Түркиямен болған әскери қақтығыстағы жеңілісі Ұлыбританиядағы үкіметтік дағдарысқа әсер етті. 1922 жылдың 19 қазанында Ллойд Джордж биліктен кетуге мәжбүр болды. Бонар Лоу бастаған жаңа консервативтік үкімет билік басына келді. Жаңа үкіметте лорд Джордж Керзон Сыртқы істер министрі болды. Лорд Керзон ағылшын сыртқы саясатында өз бағдарын жүргізуге мүмкіндік алды. Түркиямен бітімшартқа келу мақсатындағы халықаралық мәслихатты шақыруға белсенді дайындықты бастады.

      1922 жылдың 20 қарашасынан 1923 жылдың 24 шілдесіне дейін кейбір үзілістермен (ақпан – сәуір айларындағы) Лозанн қаласында (Швейцария) халықаралық мәслихат өтті. Халықаралық мәслихатқа Англия, Франция және Италиядан басқа, сондай-ақ Грекия, Румыния, Сербтер, хорваттар және словендер корольдігі, Жапония мен Түркия, ал бұғазға қатысты мәселеде – Кеңестік Ресей мен Болгария өкілдері қатысты. АҚШ тарапынан қатысқан бақылаушылар ешқандай құжатқа қосылмады. Мәслихатта Түркиямен болатын жаңа бітімшарт пен Қаратеңіздік бұғаздарға қатысты белгіленетін тәртіп мәселесі талқыланды.

      Лозанн келісімшарты Түркия мен Антанта елдері арасындағы бітімді жариялап, Шығыс Фракияны, Измирді және басқа да аудандарды сақтап қалған Түркияның жаңа шекарасын белгіледі. Түркия мен Ирак арасындағы шекара мәселесі ашық қалды. Келісім бойынша