Астана әңгімелері. Бәріне кінәлі жалғыз сен…. Махан Мақпал

Читать онлайн.
Название Астана әңгімелері. Бәріне кінәлі жалғыз сен…
Автор произведения Махан Мақпал
Жанр Драматургия
Серия
Издательство Драматургия
Год выпуска 0
isbn 9785448502460



Скачать книгу

тілегені екеуінің достығы, махаббаты мәңгілік болуын армандайтын-ды.

      Әдеттегідей, Ақмаралды жұмысынан алып қайтуға барар жолда Берік қатты қобалжып, оған деген өз махаббатын, сезімін білдіруді шешкен. Бұл кештің ерекшелігі он төртінші ақпан болғандығы еді.

      Ескіше ғашықтар күні болғандықтан, сезімін білдіруге дәл осы күнді таңдаған Берік жолда гүл сататын дүкенге соғып, қызыл раушан гүлін алған. Мейрамханадан алдын-ала столға тапсырыс беріп қойған. Көп кешікпей, көзделген уақытта, әуенді музыканың сарынымен Ақмаралға сөз айтты. Осы уақытқа шейін жүрегі жауланып үлгерген Ақмарал Беріктің сөзін қабыл алып, екеуі қыз бен жігітке айнала қалған.

      Дәл осы мейрамханадан шыққан соң, Ақмаралдың ешкім сүймеген шиедей қып-қызыл, балдай тәтті еріндерінен алғаш рет сүйген болатын.

      Екі ғашық махаббаттың жалынымен ғашықтар күнінде, ғашықтар түнінде қауышқан.

      Мен сені мәңгі сүйіп өтем, маған сенуіңе болады, тек қорықпа! – деп құлағының түбіне сыбырлаған ғашығының сөздері Ақмаралды балқытып, сезімнің отты күйіне ерітіп, Берікке берілген.

      Тек саған сенемін, жаным! – дегеннен басқа ештеңе айтпаған Ақмарал келесі өмірін толықтай Берікке тапсырған.

      Осылай, Ақмарал жиырма бір жасынан асқан гүлдей шағында бірден есейген.

      ***

      Берік пен Ақмаралдың махаббаты Қозы мен Баянның, Төлеген мен Жібектің махаббатындай, күннен-күнге тек лаулай түскен. Екеуі бір-бірінсіз жалғанның бір күнін де өткізе алмайтын халге жеткен. Бір-біріне жақындай түсу үшін арасы жақын үйлерден пәтер де жалдаған.

      Беріктің жасы енді ғана жиырма үштен асса да өзінің пысықтығының арқасында, ашқан шағын кәсібі домаланып, жақсы қаржы таба бастаған. Ақмарал есеп-қисапқа жақын болғандықтан, Беріктің кәсібін дамытуға көп пайдасын тигізген. Екеуінің еңбектерінің арқасында Беріктің шағын компаниясы аз уақыттың ішінде бірталай жетістіктерге де жеткен.

      Қос ғашық уақыт сырғыған сайын, бақыттың бағында бастары айналып, көп ұзамай бірге азаматтық некеде тұратын болып шешкен. Астананың сол жағалауында бой көтерген он сегіз қабатты биік үйдің оныншы қабатынан бір бөлмелі, жұмыстарына тақау жерден пәтер жалдаған. Пәтердің ішіндегі барлық жиһаздары қымбат итальяндық жиһаздар, тұрмыстық техникалар, ал дизайны модерн стиліндегі көңілге қонымды, ғашықтардың ұясына айналған.

      Жұмыстарынан осы ұяға асыға оралатын ғашықтар түннің жақындауын асыға күтетін. «Махаббат анасы» түнмен бірге, махаббат майданында талай мақпал түндерді бастарынан өткізген бұлар бір-бірінен жалығар емес-тін, керісінше қызығушылықтары арта түскендей.

      Беріктің иісіне, құшағына әбден үйреніп кеткен Ақмарал жалғанның бір күнін де Беріксіз елестете алмайтын. Берік те Ақмаралдың әзірлейтін тағамына, тазалығына, сұлулығына, иісіне адал иттей үйреніп, болашағын тек Ақмаралмен ғана елестететін.

      Күн артынан күн, ай артынан ай өткен сайын Берік пен Ақмарал шын сезімнің құлы болып, ерлі-зайыптылар секілді күн кешіп жатқан.

      Қыдырыспен