Астана әңгімелері. Бәріне кінәлі жалғыз сен…. Махан Мақпал

Читать онлайн.
Название Астана әңгімелері. Бәріне кінәлі жалғыз сен…
Автор произведения Махан Мақпал
Жанр Драматургия
Серия
Издательство Драматургия
Год выпуска 0
isbn 9785448502460



Скачать книгу

ction>

      БӘРІНЕ КІНӘЛІ ЖАЛҒЫЗ СЕН НЕМЕСЕ АСТАНА ӘҢГІМЕЛЕРІ

      (ӨМІРДЕН АЛЫНҒАН)

      ***

      Түн ортасы тақап қалды. Ал, Берікте ұйқы жоқ. Жұмыс қамы да емес, ой ұйықтатпайды. Бұл ой бір күндік емес, соңғы үш айдан бері ішінде жүр.

      Аязды, желді, ызғарлы ерте келген қыстың түні еді. Беріктің киімі жылы. Үстінде жақында ғана Хан Шатырдан сатып алған қалың курткасы бойын қыздырып, тоңдырмайды. Берік екі қолын қалтасына салып, есік алдында тұрған көлігін айнала баяу басып, тынымсыз жүріске ауысқалы біраз болды. Кейде ақырын айтса да, қатаң, дірілдеген даусымен сүйіктісіне арнап айтатын әнін созып айтады:

      Ақ гүлдер, көк гүлдер, бәрі де гүлденер,

      Таңертең мазалап самал жел.

       Айлы түн астында, ақ гүлдер қасында,

      Өзіңді сүйгіздің басқаға…

      Әні де, сөзі де ыстық. Жас еркек жүрегін біресе өзіне қарай, біресе сүйіктісіне қарай жетелеген махаббат толқыны жаулап барады. Жүрегі жылап, сағыныш сезімі орала созылады… Ғашығына деген сағынышы… Ақмаралына деген сағынышы…

      Көлігін жүз айналса да, ештеңе өзгерер емес. Сағыныш сезімі баяулау түгілі, керісінше оттай жанып, тұла бойын жандырып барады.

      Беріктің ойында толқу бар. Соның бірі әйелінен қысылу, ұялу.

      Білсе ренжи ме?… Бірақ, әйелімнің не жазығы бар? Әй, ренжиді-ау. Айрылыссам ба екен? Бірақ, кішкентай қызымның не жазығы бар? – деп уайымдайды, қобалжиды.

      Берікті осындай ойларынан қалта телефонының шырылы алаң еткізді. Суық қолын қара шалбарының қалтасына салып жіберді. Осыдан бір жарым жыл бұрын сүйіктісі Ақмаралының сыйлаған айфонының экранына қарады. Қоңырау шалып жатқан әйелі еді. Беріктің қабағы күрт түсіп, «сүйгенім болып қалар» деген үміті су сепкендей сөнді де қалды.

      Әй, осы қатынға не керек тағы? – деп мұрнының астынан күбірледі де, қоңырауға жауап берместен, телефонын өшіріп тастады.

      «Қоңырауға жауап бергенім дұрыс болар ма еді? Жұлдыз бір нәрсені сезіктеніп жүрген шығар? Жо-жоқ, сезіктенетіндей ештеңе жасаған жоқпын ғой…» деген ойлары Берікті есеңгірете, басын айналдырды.

      Жұлдыз – Беріктің әйелі. Екеуінің үйленісіп, табысқанына бір жылдан асты. Мектепті ғана бітіріп үлгерген Жұлдыз араға көп уақыт салмай, Берікке шекесі торсықтай қыз бала сыйлап үлгерген.

      Шайтанның шашындай ұзарған бұл түн Берікті одан сайын қинай түсті. Желдің ызғары қатая түсті. Аспанға төнген қара бұлт Жаратушының қаһарын білдіріп тұрғандай. Айсыз, жұлдызсыз, суық бұл түн Беріктің сезімдерімен алаңсыз ойнап тұрғандай көрінді.

      Әлгінде өзі айтып жүрген, үзіліп кеткен әні құлағына қайта естіліп, қайтадан сол бір ғажап сезімге бөлей кетті:

      Бәріне кінәлі, бәріне кінәлі,

      Бәріне кінәлі жалғыз сен.

      Қоштасып тұрғанда, бозарып таң атты.

      Бұл таңдар неліктен тез атты.

      Қоштасқым келмейді, қоштасқым келмейді,

      Қоштасқым келмейді өзіңмен.

      Қоштасып тұрғанда, бозарып таң атты.

      Бұл таңдар неліктен тез атты?!…

      Осы әннің әуенімен, желдің самалымен Ақмаралдың иісі, шаштарының иісі мұрнына келеді. Иісімен бірге ілесе Ақмаралдың елесі келеді… Бірге болған бақытты шақтың елесі келеді…

***

      …Беріктің арман қуып Астанаға келгеніне салмақ салар уақыт болмаған кезі еді. Кіндік қаны тамған өлкесін қимастан, жылы өлкесінен әке-шешесі мен бауырларының қас-қабағына қарамай аз-маз қаржы, өзінің өмірдегі орнын табу мақсатында, аңсаған армандарына қол жеткізу үмітімен келген болатын.

      Ауылында жүрген кезінде сағымдай бұлдырайтын Астана – жылы шырайлы болып көрінгенімен, алайда Берікті құшақ жая қарсы алған жоқ. Айтуға тіл жетпейтін дамылсыз, жаз демей, қыс демей соғып тұратын желі шошытқан.

      Қазақ елінің соғып тұрған жүрегі «Астананы» Есіл өзені оң және сол жағалауларға бөліп тұр. Ай мен күндей екі жағалау екі түрлі. Оң жағалау – толықсыған айдай сабырлы, қартаң. Сол жағалау – жарқыраған күндей шуақты, жап-жас. Екі жағалау да үнемі қимыл үстінде.

      Жаңа астананың көріктігі мен сұлулығы ешбір сөзбен жеткізе алмайтындай, тек көзбен көретіндей – Отанның оттай мақтанышына айналған!

      Берік жанына бөтен қаланы үнемі ауылымен салыстыратын. Туған жерінің топырағын сағынып, қалаға бірден сіңісе алмаған. Астаналықтар кейде тым қатал, суық болып көрінетін. Алайда, өзінің ашық мінезділігі мен тез тіл табысқыштығы жаңа таныстар, достар қатарын көбейткен. Сонымен қатар, Астанада барлық аудан, облыс, қалалардан келген (арман қуып келген) адамдар көп болғандықтан, олардың сан қатарында өзінің сыныптастары, курстас достары, ауылдастары да жетерлік еді.

      …Осы қалада жүрген бірталай достары, сыныптастары жиылып, өзінше бір сауық құрған кеш болатын. Берік пен оның жан жолдасы Жартас та осы кеште болды.

      Жартас Берікпен бесіктен белі шықпаған кезден бастап дос. Орта бойлы, ұсқынды келбетті, сөзшең Жартас – кез-келген қыздың басын айналдыра алатын. Оның