Kazakhcontent

Все книги издательства Kazakhcontent


    Әлдиден эпосқа дейін

    Санжар Керімбай

    Бұл кітап этнопедагогика негізінде құрылған. Мұнда бесік жырынан бастап, батырлық дастандарға дейінгі аралықты қамтитын рухани мұралар жинақталды. Бесік жырын, жаңылтпаштарды, ертегілерді, аңыз-әпсаналарды, тақпақтарды отбасындағы әрбір ата-ана балаларына оқып беріп, олардың дәстүрлі дүниетанымын қалыптастыра алады. Сонымен қатар этнопедагогика ғылымына қызығатын мектеп оқушыларына, студенттерге және ізденуші ғалымдарға арналған.

    Бейсен және болмыс

    Санжар Керімбай

    Бұл кітапта журналист Бейсен Құранбектің болмысына экзистенциялық талдау жасалады. Бейсеннің өмірінен мысал келтіре отырып, экзистенция, логотерапия психологиясын жан-жақты түсіндіруге тырысады. Адам болмысы қалай ашылады, қалай көрінеді, өмірдегі мәнін қалай анықтайды деген әр түрлі ситуацияларды араластыра отырып, сұрақтарға жауап беріледі. Кітап экзистенция философиясына, логотерапия іліміне қызығатын оқырманға арналады.

    Піл туралы талас

    Мәулана Руми

    Бұл кітапқа әйгілі шайыр Мәулана Румидің хикаялары мен даналық ойлары аударылып берілген. Румидің кейбір хикаяларын әйгілі ақын Қадыр Мырза Әлі мен аудармашы Арғынбай Бекбосын қазақша өлеңмен өріп сөйлеткен екен. Хикаялардың соңында осы ақындардың өлеңдерін үлгі етіп бердік. Кітап шығыс даналығына қызығатын оқырмандарға арналады.

    Махаббаттың мәні

    Сәкен Нұрқабекұлы

    Бұл кітапта ғашықтық, құмарлық, еркіндік, жауапкершілік, махаббат феномендері экзистенция әдісімен талданған. Авторлар қазіргі қазақ қоғамындағы отбасы проблемасының түп негізін жан-жақты талдап көрсетеді. Жетпіс жыл большевиктік боданда болған қазақ жұртының санасына деколонизация жасауға тырысқан.

    Балалықтан даналыққа

    Сейілбек Мырзабай

    Бұл кітапта логотерапия және экзистенция анализі негізінде талданған. Одан бөлек психология ғылымдарының докторы, логотерапевт Элизабет Лукастың тәжірибелері молынан енгізілді. Оқушылармен жүргізілген сауалнама нәтижелері, автордың түрлі ситуациядағы оқиғалары мен сұхбаттары берілген. Бұл кітап баланың болмысы мен оның тәрбиесіне тереңінен үңілген барша ата-анаға арналады. Сонымен қатар оқушылармен тікелей жұмыс істейтін мектеп психологтарына, пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілеріне факультативті құрал ретінде ұсынылады.

    Хари мен Кәри

    Дхан Мукержи

    Кітапқа үнді жазушысы Дхан Мукержидің «Хари мен Кәри» атты шығармасы енген. Кітапта үнді баласы мен пілдің достығы жайлы баяндалады. Кітап алғаш рет 1937 жылы жарық көрген. Соны қайта өңдеп, ұсынып отырмыз. Бұл кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады.

    Алаш заңгерлері

    Абзал Құспан

    Бұл кітап XX ғасырдың басындағы қазақ заңгерлері туралы. Мұнда олардың қысқаша өмірбаяны, қоғамда атқарған істері мен елдегі заң саласының дамуына қосқан үлесі баяндалады. Кітап заң саласында қызмет ететін мамандарға және XX ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясы тақырыбына қызығатын қалың көпшілікке арналады.

    Сыр сөз

    Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Бұл кітапта қазақ ойшылы Шәкәрім Құдайбердінің экзистенция бағытында жазылған сыр сөздері мен қарасөздері басылған. Кітап экзистенция бағытындағы әдебиеттерге қызығатын оқырманға арналады.

    Мен террорист емеспін

    Гүлмира Әшірбекова

    Кітапта 2022 жылдың қаңтарында болған саяси оқиғаға арнайы қатысқан немесе жай ғана куәгері бола тұра зардап шеккен жеті адамның тағдыры беріледі. Деректі хикаятта кейіпкерлердің сол күндері көрген-білген, бастан кешкен оқиғасы, қайғысы мен қасіреті баяндалады. Бұл кітап саяси немесе сараптамалық дүние емес. Кітап үлкен саяси оқиғалар кезіндегі қарапайым адамның тағдырына қызығатын қалың көпшілікке арналады.