ТАҢҒАЖАЙЫП АВТОБУС. ФЭНТЕЗИ. Алтыншаш Курманаева

Читать онлайн.
Название ТАҢҒАЖАЙЫП АВТОБУС. ФЭНТЕЗИ
Автор произведения Алтыншаш Курманаева
Жанр Русское фэнтези
Серия
Издательство Русское фэнтези
Год выпуска 0
isbn 9785005112996



Скачать книгу

екен. Шығарманы оқымас бұрын мұның артында қандай сыр бар деп бізде елең ете қалдық, шығарманы қолға алатын оқырман да елең етуі мүмкін. Осы таңғажайып автобус бізді қандай сырлы әлемге жетелер екен, қандай көркемдік көкжиектерге бастар екен деген ой ұштығында болдық, әдепкіде. Күмән мен күдік, сенім мен үміт сияқты ойлар тайталасты басымызда. Бірақ жас талапқа деген үміт оты алдамапты біздерді. Жас автордың көркемдік кеңістігіне, сырлы әлеміне еркін бойлай, жұмбақ, тылсым болмыстың сырына қанбақ болып, оның сана лабиринтіне, таным қабаттарына қалай еніп кеткенімізді өзіміз де байқамай қалыппыз. Бұрын соңды біз білмейтін ереше сырлы әлемнің аурасы өзіне баурай тартып, автор суреттеп отырған сиқырлы әлемнің тұтқынына өзіміздің де қалай айналғанымызды сезбей қалыппыз.

      Жас автордың шығармасының жанры-қазір әлемдік әдебиетте кең таралған, қуатты жанрға айналып үлгірген фэнтези жанры екен. Жанр өзінің бастауын 19 ғасыр шамасында Еуропа әдебиетінен алады. Жанр орта ғасырлық эпос пен рыцарлық романдардан тамыр тартады. Көпшілік фэнтези шығармалардың негізінде жазушы Анджей Сапковскийдің пікірінше Артурлық кезең аңыздарының магиясы, семсері мен романтикасы жатыр. Фэнтези жанрында ежелгі дәуірдің мифологиясы, ертегіге тән қиял-ғажайып оқиғалар, сюжеттер мен мотивтер, ерекше мінезге тән романтикалық кейіпкерлер, фантастикалық иірімдер мен реалистік кеңістік, оқиғалар тоғысады.

      Алғашқы қазіргі заманғы фэнтези 20 ғасыр басында пайда бола бастады. Олардың қатарында ағылшын жазушылары Эдваррд лорд Дансенидің «Эльфландия королінің қызы», Роберт Э. Говардтың «Конан», К.С.Льюистің «Нарнидің хроникалары», Дж. Р. Р. Толкиннің «Жүзік әміршісі» романдарын атауға болады.

      Қазақ әдебиетінде фэнтези жанры кенжелеп дамып отыр. Мүлде жоқ деуден аулақпыз. Қазіргі жастар прозасында осы жанрдың сипатын иеленген шығармалар бар. Бірақ қазіргі әдеби процесстен олар тыс қалған. Сондықтан авторлар да шығармалар да оқырман қауымға онша белгілі емес.

      Бұл біздің әдебиетіміздегі жас жанр. Осынысымен де А. Құрманаеваның фэнтези жанрындағы бұл шығармасы бізге таңсық та әрі қызық көрінді. Автор шығармасын «Таңғажайып автобус» деп атапты. Бұл атау шығармадағы сырлы әлемнің құпия кілтін ашар сөз болып көрінді бізге. Шығарма сюжеті сиқырлар әлемінің түпсізде тұңғиық қабаттарына, тылсым кеңістігіне жетелей жөнелді. Шығарма кейіпкері Қалтар қарияның немересі Самиян мен оның достары Райлан мен Файз құпия таяқшаның тылсым күшімен сиқырлар әлеміне тап болады. Көптеген таңғажайып оқиғаларды бастан кешіреді. Ақыр соңында Самиян мен достары Райлан мен Файз Самиянның жоғалып кеткен әкесі Райлдың жаны зұлым сиқырлы күш иелерінің әрекетімен таңғажайып автобусқа айналып кеткенін біледі. Бұл олар үшін күтпеген жағдай еді. Олар бар күштерін сиқырлы күш иелерінің шырмауында қалған әкелерінің жанын босатуға арнайды. Шығарманың фабулалық желісі осындай. Жас автордың аяқ алысы жаман емес. Сөз саптасы, шығармадағы сөйлемдердің стилистикалық құрылымы орнықты, ойы жүйелі шыққан. Анау айтқандай композициялық шашыраңқылықты байқамадық. Ең бастысы жас автордың өзінің көркемдік әлемін жеткізудегі шынайылығы, алғаусыз сезім тұнықтығы, құштарлық тенденциясын баса айтқанымыз жөн. Жасанды сезім мен ой ұштығын байқамадық. Жас авторға әлі де іздену, оқу, үйрену қажет! Білім көкжиегін кеңейтіп, қаламгерлік қалыпқа шыңдалу керек!

      Жас авторға да басқа да жас талап жазармандарға айтарым, алдағы уақытта фэнтези жанрында шығарма жазарда, ежелгі түркі, қазақ мифологисы мен фольклорлық, эпостық мұраларымыздың материалдарын сюжеттік құрылымға кіргізіп пайдалансаңыздар, көздеген мақсатқа жетер едіңіздер! Қиыр Шығыс мәдениетінің өкілдері болып табылатын жапон мен қытай әдебиетінің фэнтези жанрында олар өздерінің ежелгі мифологиясы мен орта ғасырлық эпостарын өзек етеді. Фэнтези жанрында жаза бастаған біздің жас талаптар да осы үлгіден үйренгені абзал, ескергені ләзім!

      Сөз соңында айтарымыз, Көкше өңірінен фэнтези жанрында қанат қаққалы тұрған, өзіміздің «болашақ Дж. Роулинг ханым» осы жанрда талмай еңбек етіп, үлкен көркемдік биіктерді еңсере береріне кәміл сенімдіміз!

      Сәбит ЖӘМБЕК,

      Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры, ф.ғ.к.

      АЛҒЫ СӨЗ

      Кішкентай кезімде қолыма қалам алып ойнағанды жақсы көретінмін. Бірде дәптер бетін шимайлап отырған мені көрген анам «Осы қыз суретші болады!» деп менің болашағымды алдын ала жоритын. Адамның өмірі біркелкі жол емес, ойнақтап тұрған теңіздің толқыны емес пе? Менің өмірлік жолым мені мүлдем басқа арнаға әкелді. Ол – әдебиет және оның таңғажайып әлемі. Әдеби шығармаларды оқығанды жаным ерекше жақсы көреді. Әдеби кітапты көрсем болғаны, соны алуға құмартып тұрамын. Менің демалыс уақытымның басым көпшілігі кітап оқумен немесе кітап дүкенін аралаумен өтеді. Бір сөзбен айтқанда, мен кітапқұмармын.

      Мектеп қабырғасынан бері мені сансыз ойлар жиі мазалайды. Аялдамада автобус күтіп тұрған сәтте мен бір оқиғаның жалғасын ойымда құрастырып тұрамын. Ол ой менің қолыма қалам алуыма түрткі болады. Кейде түсімде жаңа оқиғаның сюжетін көріп, оянып кетемін. Түсімде көрген жайттар мен күндіз басымнан кешірген оқиғалар менің кітабымның бір бөлігіне айналады. Осылайша, мен қолыма қалам