Название | Жабайхан Әбділдин: Өнегелі өмір. 29-шығ. |
---|---|
Автор произведения | Коллектив авторов |
Жанр | Зарубежная образовательная литература |
Серия | |
Издательство | Зарубежная образовательная литература |
Год выпуска | 2013 |
isbn | 978-601-04-0215-7 |
Алыстағы ауылдан Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінде жаңадан ашылған философия факультетіне баруға шешім қабылдаған жас түлектің таңдауын қолдап, кеңес берген мектеп директоры Шүлембаев Шапағат пен тарих пәнінің оқытушысы Сәрсенбаев Ғабдраш деген мұғалім екен. Көне заманның атақты философтары Сократ, Платон, Аристотельдерді атап, қазақ ішінен шыққан атақты ойшылдар Абай мен Шәкәрімді мысалға келтіріп, философтың кім екенін, қандай болатындығын өздерінше түсіндіріп, жөн сілтеген ұстаздарының көрегендігі таңғалдырады. Жабайхан Мүбәракұлы олардың үмітін ақтап, қалаған факультетіне түсіп, еліміздің ең алдыңғы қатарлы озық философы атанғаны бәрімізге аян.
Қарап отырсақ, мұның өзі Жабайхан Мүбәракұлының өмірде жолы болғыштығының бір көрінісі деп атауға болады: Жәкеңнің бірден оқуға түсіп кетуі, Н.П. Дардыкин, В.И. Тимошко, М.Н. Чечин сияқты белгілі философтардың дәріс беруі, қамқорлығы, Мәскеуге жолы түсіп, атышулы М.В. Ломоносов атындағы университеттің аспиранты атануы (1954 жыл), профессор Е.П. Ситковский сияқты әйгілі философтың шәкірті болуы, сол кездері Мәскеуде қалыптасқан мәдени-саяси ахуалдар, Алматыда 1958 жылы Ғылым академиясының Философия және құқық институтының құрылуы және т.б. жағдаяттар оның философия мамандығын тез меңгеріп, әлемдік философиялық ой дүниесінің есігін айқара ашып, онда өзін еркін сезінуіне септігін тигізеді.
Факультетте онымен қатарлас оқыған белгілі философтардың, соның ішінде тікелей курстасы болған, жасы оған қарағанда біршама үлкен, соғыс ардагері, философия ғылымдарының докторы, профессор Зия Аташұлы Мұқашевтың айтуынша, студент Жабайхан кітапханадан шықпай, Аристотель, Кант, Гегель сияқты философия классиктерінің еңбектерін конспектілеп, семинар сабақтарында міндетті түрде сөйлеп, пікірталастарға тартынбай қатынасып, оқуға өте зерек болыпты, өзінің ыждағаттылығымен, табиғи талантымен, ізденімпаздығымен көзге түсіпті. Оқы- тушылар да оның ұмтылысын, алғырлығын, еңбексүйгіштігін, философияға деген асқан құмарлығын бағалап, оны қолдап, үміт артып, басқаларға үлгі тұтып отырған екен. Әсіресе профессор М.Н. Чечин өз баласындай көріп, Мәскеуге өзім алып барамын, сондағы атақты ғалымдарға табыс етемін деп те талпынып- ты. Бірақ Жабайхан Мүбәракұлы оған ризашылығын білдіріп, дербестік танытып, Мәскеуге өзі барып, емтихандарын үздік тапсырып, аспирантураға түседі. 1958 жылы «Нақты ұғымның танымдық рөлі» деген тақырыпқа кандидаттық диссертациясын қорғайды.
Сол кездері Кеңес Одағында көптеген саяси-мәдени өзгерістер туындап, философия саласында да бетбұрыстар көрініс тауып, Э.В. Ильенков, А.А. Зиновьев, Б.М. Кедров, П.В. Копнин, В.С. Степин, В.А. Лекторский сияқты философтардың жаңа легі алға шығып, диалектикалық-материалистік философия өрістеуінің жаңа кезеңі басталады. Мәскеудегі осы жаңалықтарға куә болған, осы бағытты жан-тәнімен қабылдаған Жабайхан Мүбәракұлы Алматыға