.

Читать онлайн.
Название
Автор произведения
Жанр
Серия
Издательство
Год выпуска
isbn



Скачать книгу

оқиғалар көрсетіп берді. Қайта құру соңы КСРО-дағы тоталитарлық жүйенің күйреуіне әкелді. Ол 1989 ж. Кеңес әскерінің Ауғанстаннан толық шығуын жүзеге асырды. КСРО-ның тұңғыш және соңғы президенті КСРО-ның халықаралық және сыртқы саяси бағыттарын өзгертуге белсенді кіріскен М. Горбачев 1990 ж. Нобель сыйлығын иеленді. 1991 ж. 8 желтоқсанда өткен Беловеж келісімі КСРО-ның ыдырағанын рәсімдеп, М. Горбачев өз қызметін тоқтатты.

      Кеңес Одағында 1985-1991 жылдары қайта құру кезеңі деп тарихқа енді және оның негізгі 3 бағыты айқындалып бірнеше кезеңге бөлінді1.

      Әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету деп аталатын алғашқы кезеңде (1985 жылдың сәуір, 1987 жылдың жаз айы) экономиканы ғылыми-техникалық прогресс негізінде қайта құру тұжырымдалды. Бұл өндірісті жеделдету мен еңбек өнімділігін тез арада көтерудің алғышарты деп саналды.

      Бірақ іс жүзінде жекеменшіктің, нарықтық қатынастың толыққанды ендірілмеуі жеделдету тұжырымдамасын қиялға айналдырып жіберді. Өндіріс өнімінің тапшылығы зауыттар мен фабрикаларды өндіріс құрал-жабдықтарын жаңартуға ынталандырмады. Өйткені тауардың жетіспеушілігі оның сапасына деген сұранысты жоққа шығарды. Сондықтан да зауыттар мен фабрикалар шетелдік құрал-жабдықты сатып алу арқылы жеделдетуге бағытталған партиялық бағытты барынша орындамауға тырысты. Шетелдерден валютаға сатып алынған құрал-жабдықтар іске асырылмай, зауыттар мен фабрикалар алаңында, теміржол станциялары мен қоймаларда қар мен жаңбыр астында жатты.

      Жеделдету тұжырымдамасы өзінің жарамсыздығын ауылшаруашылығында да көрсетті. Бұл салада оның жүзеге асырылмауының басты себебі меншікке байланысты болды. Мемлекеттік колхоздық-совхоздық жүйе ғылыми-техникалық революцияның, жаңа технология мен егіншіліктің ғылыми жүйесінің жетістіктерін қабылдауға дәрменсіз еді. Арендалық әдістерді енгізу еңбеккерлердің қаржы мен еңбек нәтижелерін иемдену, табылған табысты бөлу принципін өзгертпеді. Өндіріс құрал-жабдықтары мен еңбек нәтижесінен шеттетілген колхоздар мен совхоз еңбеккерлерінің еңбек өнімділігін арттыруға құлқы болмады.

      Қайта құрудың алғашқы кезеңі, көбінесе, ұрандық сипаты бар шешімдер мен бағдарламалардың қабылдануымен есте қалды. Мысалы, КОКП ОК-нің 1985 ж. 7 мамырдағы «Маскүнемдік пен алкоголизмді тыю жөніндегі шаралар туралы» қаулысы қабылданғаннан бастап республикалық баспасөз беттерінде салауатты өмір салтын орнықтыруда, маскүнемдікке ымырасыздық жағдайын туғызуда онымен жүргізіліп жатқан күрес, атқарылып жатқан іс-шаралар туралы хабарламалар, мақалалар жиі шығып тұрды. Бұл ішкілікке қарсы науқан ауқымымен мерзімі жөнінен аттандап ұран салумен ғана салыстыруға болатын теңдесі жоқ науқан еді. Науқан ә дегенде табысты өтіп жатқандай көрінген, денсаулық сақтау мен еңбек өнімділігін арттыру мәселелерінің едәуір жақсарғаны туралы баяндамалары көбейді. Спиртті ішімдіктерді өндіру мен сатуға шек қойылды. Көшеде мас болып жүру тоқтатылды. Спиртті ішімдіктер өндіруді шектеу жоспардағыдан да жедел жүре бастады. Салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде жер-жерде лекциялар, әр түрлі іс-шаралар



<p>1</p>

Қаипбаева А.Т. Қазақстандағы қайта құру жылдарындағы кеңестік қоғам дағдарысының тереңдей түсуі // Ізденіс. – 2012. – № 2. – 99-б.