Kazakhcontent

Все книги издательства Kazakhcontent


    Кішкентай суретші

    Фатыма Гүнер

    Кітапқа түрік жазушысы Фатыма Гүнердің «Кішкентай суретші» атты шығармасы енген. Шығармада Кәрім деген талантты суретшінің өмірі, арманы, білімге деген құштарлығы әдемі суреттелід. Әрі кітап оқушы оқырманды сурет салу өнеріне қызықтыра түседі. Кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады.

    Ағайынды Гриммдер ертегілері

    Ағайынды Гриммдер

    Бұл кітапта «Ағайынды Гриммдер» деген атпен таныс неміс халқының бірқатар ертегілері топтасқан. Ертегілерді XVIII ғасырда Уильгельм, Жакоб есімді екі неміс ағартушысы құрастырған. Бұл ертектер сол заманнан бері жалғасып классикалық дүниеге айналды. «Қызыл телпек», «Бремен музыканттары» сияқты ертегілер әлем балаларының сүйікті образдарына айналып үлгерді. «Ағайынды Гриммдердің» ертегі кітабы 1934 жылы алғаш рет қазақшаға аударылып, латын әрпінде жарық көрген еді. Біз сол нұсқасын қайта өңдеп, ұсынып отырмыз. Кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады.

    Құстар мәжілісі

    Фәруридин Аттар

    Құстар мәжілісі – парсы ақыны Фәруридин Әттардың «Мантик ат-таир» шығармасының қазақ тіліне жасалған алғашқы көркем аудармасы. Шығарма парсы және шығыс әдебиетіне, оның ішінде сопылық әдебиетке қызығатындарға, сондай-ақ рухани ізденісте жүрген көпшілікке арналады.

    Экософия

    Бағдат Құдияр

    Бұл кітап экософияны түсіндіруге арналған. Экософия аң-құс пен өсімдіктердің ерекшелігін аңыз, қисса түрінде баяндайды. Сол арқылы қоршаған ортаға сакральды мән сіңіреді. Адамның кеудесін кие, қасиет деген сезімдермен көмкереді. Кітап этнопедагогика ғылымына қызығатын мектеп оқушыларына, студенттерге және ізденуші ғалымдарға арналады.

    Жан Кристоф

    Ромен Роллан

    Кітапта француз жазушысы Ромен Ролланның «Жан Кристоф» атты романы балалардың тіліне ыңғайланып, ықшамдалып берілген. Музыкаға жаны құмар бүлдіршіннің алғаш рет музыка әлемімен танысқаны, жас композитор атанғаны, тұңғыш рет сахнада өнер көрсеткені қызықты сюжеттер арқылы өріліп ұсынылады. Бұл кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырман қауымға арналады.

    Отбасындағы 30 сабақ

    Әйгерім Қалдыбекқызы

    Бұл дәптер – «Отбасындағы 30 сабақ» оқулығының балаларға арналған жұмыс құралы. Мұнда оқулықта берілген 10 тапсырманың жаттығулары жазылды. Яғни логикалық есептер, ребус, кроссворд, лабиринт, айырмашылық табу, бояу, Шульте кестесі сияқты жаттығулар берілді. Балалар жаттығуларды орындау үшін осы дәптерді қарындашпен бояп, сызып, көп нүктелердің орнына тиісті сөздерді жаза алады. Жаттығу дәптері ата-ана мен балаларға, мұғалімдер мен оқушыларға арналған.

    Отбасындағы 30 сабақ

    Әділбек Нәби

    Бұл кітаптың ішінде балалардың таным-түсінігіне арналған ертегілер, шешендік сөздер, қара есептер, мысал өлеңдер, әңгімелер, тарихи аңыздар енген. Кітапты ата-ана мен бала бірге оқуы керек. Себебі кітаптың ішіндегі тапсырмалар ата-ана мен балаға ортақ. Кітап ата-анаға, балаларға, мұғалімдерге педагогикалық материал ретінде ұсынылады.

    Бес әңгіме

    Ги де Мопассан

    Бұл кітапта француз жазушысы Ги де Мопассанның бірнеше шығармасы берілген. Бұл шығармалар 1935-1937 жыл аралығында қазақшаға аударылыпты. «Бес әңгіме», «Томпыш», «Франсуаза» деген атпен үш кітап жарық көрген. Одан бөлек 1925 жылдары «Қазақ», «Әйел теңдігі», «Ақ жол» деген газеттерінде «Қыр баласы» деген атпен Әлихан Бөкейханұлының аудармалары да жарияланыпты. Сол еңбектерді жинап, қайта ұсынып отырмыз. Бұл кітап әлемдік классикаға қызығатын, көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін барша оқырманға арналады.

    Қасқыр. Киш туралы аңыз

    Джек Лондон

    Кітапқа америкалық жазушы Ж. Лондонның «Қасқыр» және «Киш туралы аңыз» атты шығармалары енген. Балалардың тіліне ыңғайлап, ықшамдалып берілген. Бұл кітаптар алғаш рет 1936 және 1937 жылдары жарық көрген екен. Соны қайта өңдеп, ұсынып отырмыз. Бұл кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады.

    Диуани хикмет

    Ахмет Қожа Яссауи

    Бұл кітапта Әзірет Сұлтан – Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың «Диуани хикмет» кітабы қазақшаға аударылып беріліп отыр. Жалпы «Диуани хикметтің» бірнеше нұсқасы бар. Соның ішіндегі парсы тілінде жарық көрггн нұсқасына тәржіма жасалды. Кітаптағы сөйлемдерді мейлінше қаз қалпында беруге тырыстық. Сондықтан хикметтердің тілі ауыр, сөйлем құрлысы күрделі болуы мүмкін. Кітап Қожа Ахмет Яссауи мұрасына қызығатын оқырман қауымға арналады.