Санжар Керімбай

Список книг автора Санжар Керімбай


    Әлдиден эпосқа дейін

    Санжар Керімбай

    Бұл кітап этнопедагогика негізінде құрылған. Мұнда бесік жырынан бастап, батырлық дастандарға дейінгі аралықты қамтитын рухани мұралар жинақталды. Бесік жырын, жаңылтпаштарды, ертегілерді, аңыз-әпсаналарды, тақпақтарды отбасындағы әрбір ата-ана балаларына оқып беріп, олардың дәстүрлі дүниетанымын қалыптастыра алады. Сонымен қатар этнопедагогика ғылымына қызығатын мектеп оқушыларына, студенттерге және ізденуші ғалымдарға арналған.

    Бейсен және болмыс

    Санжар Керімбай

    Бұл кітапта журналист Бейсен Құранбектің болмысына экзистенциялық талдау жасалады. Бейсеннің өмірінен мысал келтіре отырып, экзистенция, логотерапия психологиясын жан-жақты түсіндіруге тырысады. Адам болмысы қалай ашылады, қалай көрінеді, өмірдегі мәнін қалай анықтайды деген әр түрлі ситуацияларды араластыра отырып, сұрақтарға жауап беріледі. Кітап экзистенция философиясына, логотерапия іліміне қызығатын оқырманға арналады.

    Қуыскеуде

    Санжар Керімбай

    Бұл кітапта XXI ғасырдың ең үлкен проблемасына айналған экзистенциялық фрустрацияның қазақ қоғамындағы пайда болуы мен таралу себептеріне экзистенциялық анализ жасалады. Әлем бойынша өзінің тарихи жадынан айырылып, ана тілі мен төл мәдениетінен көз жазып қалып, рухани тоқырауға тез ұрынған халықтың бірі – қазақ жұрты. Жалпы адам болмысының іштен бөлшектенуі XXI ғасырда жаппай белең алған қауіпті құбылыс саналады. Әзірге өз мәдениеті мен тарихы терең тамырына үңілуге қабілетті, сауатты елдер ғана бұл дертпен сәтті күресіп жатыр. Біз де осының қазақша нұсқасын жасадық. Кітап қазақ мәдениеті мен танымына қызығатын оқырманға арналады.

    Әділ патша

    Санжар Керімбай

    Бұл кітапқа бірнеше қазақ ертегілері енген. Ертегілер бойынша арнайы суреттер салынған.

    Өркениетті адам

    Санжар Керімбай

    Кітапта автордың түрлі ситуациядағы оқиғалары мен сұхбаттары берілген. Кітапты оқып отырып Қазақстандағы надандық факторы, оның себебі мен салдарына үңіле аласыз. Кітаптағы оқиғалар экзистенция анализі бойынша талданған. Кітап логотерапия ғылымына қызығатын оқырмандарға арналған.

    Мың сұрақ

    Санжар Керімбай

    Бұл кітап ертегі және аңыз жанрында құрастырылған. Мәлике деген Ұрым патшасы мың сұрақ қояды. Оған Әбілда есімді оқымысты жауап береді. Мың сұрақта аңыз, қисса, тәлім-тәрбие, шешендік сөздер, экзистенциялық ойлар қамтылған. Кітап этнопедагогика ғылымына қызығатын мектеп оқушыларына, студенттерге және ізденуші ғылымдарға арналады.

    Яссауи феномені

    Санжар Керімбай

    Кітапта Қожа Ахмет Яссауи жайлы тың қисса-аңыздар енгізілген. Хикметтері экзистенциялық формада жаңаша талданады. Ислам мен түркі мәдениетінің өзара синтезге түсіп, Түркі-Ислам өркениетінің қалыптасу жолдары баяндалады. Яссауи ілімі мен дүниетанымы жайлы толғанады. Тәуелсіз Қазақстанның 26 жылдағы әлеуметтік-рухани саласына экзистенциялық талдау жасалады. Кітап Яссауи дүниетанымына қызығушы оқырмандарға, ізденушілерге, зерттеушілерге арналады.

    Сияр Шәріп

    Санжар Керімбай

    Бұл кітапта Мұхамбет пайғамбардың қиссалары қазақ дүниетанымы бойынша баяндалған. Сонымен қатар пайғамбарға салауат айту хикаялары, жыраулардың пайғамбарға арнаулары, әулие-ғұламалардың пайғамбар туралы тебіреністері берілген. Кітапта фольклорлық жанрдан бөлек Батыстың академиялық зерттеу тәсілімен жазылған Мұхамбет пайғамбар мен Батыс әлеміндегі оған деген көзқарас жайлы аударма еңбек те орын алған. Кітап Ислам құндылықтары мен Мұхамбет пайғамбардың өмір тарихына қызығатын барлық оқырман қауымға, ізденушілерге, зерттеушілерге арналған.

    Қисса сүл-әнбия

    Санжар Керімбай

    Кітапқа XIII ғасырда өмір сүрген Рабғузидің аңыз-қиссалары енгізілгенн. Бұл кітап бұған дейін «Мәдени мұра» аясында «Әдеби жәдігерлер» деген сериямен жарық көрген. Одан соң «Сырдария кітапханасы» сериясымен тағы бер рет шыққан. «Қазыналы Оңтүстік» сериясымен де оқырманға жол тартты. 2001 жылы жазушы Роза Мұқанова әдеби көркемдеп тағы бір нұсқасын шығарған еді. Осы қиссаларды толықтырып, өңдеп, философиялық және психологиялық талдау жасап, ұсынып отырмыз. Кітап фольклорлық шығарма ретінде әдебиетшілерге, ізденушілерге, мұғалімдерге, ата-аналарға ұсынылады.

    Өмірге ғашық болу

    Санжар Керімбай

    Кітапта Санжар Керімбайдың логотерапия идеясында жазылған мақалалары жинақталған. Автор логотерапия ғылымындағы ауыр түсінік пен терминді қазақы формада тілге жеңіл етіп, қарапайым әңгіме жанрында түсіндірген. Франкл, Юнг сияқты психологтардың идеясын, негізгі ойын қарапайым түсінікте баяндайды. Кітап логотерапия ғылымына қызығатын оқырмандарға арналған.