Күнделікті газеттер беттерінен (менің ойымша газет оқитындар әлі бар), кинотеатрлар мен теледидар экранынан, кітаптар мен көшедегі жарнамадан, интернеттен, әлеуметтік желілерден біз басқа адамдардың дауыстарын естиміз, олар бізге не ойлау керектігін айтады, бізге қалай өмір сүру керектігін және неге сену керектігін түсіндіреді. Cол себепті бәріміз попугайға айналдық. Мен жазған идеяларды оқыңыз және олардың пайдасын өз тәжірибеңізде сынап көріңіз. Идеяларды аямай сынаңыз. Себебі мен сіздердің попугай болғандарыңызды қаламаймын!
Қазіргі қоғам әрекетсіз әрекет жасауды жақсы көреді, бұндай амалдың жаулары да бар. Ал негізінен сіз әрекетсіз де әрекет жасауға болатыны белесіз бе? Сіз бірінші қалаған өміріңізді миыңызда қалыптастырасыз, сосын ол өмір шындығына айналады. Ал көптеген адамдар керісінше жасайды, олар бірінші әрекет етеді немесе қалағанына қол жеткізеді бірақ артынан қателіктерге, қиындықтарға ұрынып, өкініп жатады. Неге? Себебі о баста олардың миы дұрыс таңдау жасап, шешім қабылдаған жоқ, ал оған кінәлі адамның қате, бұрыс, жалған сенімі мен түсінігі, өмірлік ұстанымы. Бұл кітаптың мақсаты Позитивті ойлаудан тыс, өзгерек, дұрыс қадам жасау және өз тағдырымызды өзіміз жазуға байқап көру. Арман, мақсат , жоспар әрекет етпей жүзеге аспайды. Сондықтан тек Аффирмация мен Визуализацияға, тек Эмоция мен Медитацияға ғана сенетін болсаңыз, арман арман болып қала береді, мақсат орындалмайды, құрған жоспарыңыз жүзеге аспайды. Өмірдің екі негізгі қағидасы бар: уақыт жеткізу мен қажырлы еңбек.
Менің есімім Нарша, қазақпын! Мамандығым – жалпы тәжірибелі әуесқоймын (өзімді солай санаймын), жоғарғы білімім жоқ. Бірақ оқығым келмегендіктен емес, «Жаман Ауруға» шалдыққандықтан, ЖОО (-ны) тоқтатуға мәжбүр болдым. 5 жыл бойы мен өте теріс, жағымсыз, негативті аурумен күресіп жүрмін, жеңетініме шексіз сенімдімін. Өйткені емделмейтін ауру жоқ. Ауру да жаралған оның емі де жаралған. «Жеңдім» дейтін шексіз сенімділік бойымда бар, сондықтан ешкімнің де үміті үзілмесін, сенімі жоғалмасын. Барлық проблема сенімнің дұрыс болмауында, ақиқатқа сай болмауында. Бұндай жағдайда шексіз сенімділік қалыптаспайды, оның орнына жалған өмір, «Құлдық Сана» мен тәуелділік қалыптасады. Бұл туралы сізге ешкім айтпайды. Қазіргі СМИ, телевизор, әсіресе интернет пен әлеуметтік желілер сізге теріс, негативті, жағымсыз ақпараттың қауіптілгі мен зияндылығы туралы айтпайды, керісінше жалған, өтірік пайдасы туралы насихаттайды. Сіздің назарыңызды аудару үшін, олар сізге Аудио-Визуалды миға шабуыл жасайды.