Алтыншаштың әңгімелері. Әңгімелер жинағы. Алтыншаш Жанарбековна Курманаева

Читать онлайн.
Название Алтыншаштың әңгімелері. Әңгімелер жинағы
Автор произведения Алтыншаш Жанарбековна Курманаева
Жанр Приключения: прочее
Серия
Издательство Приключения: прочее
Год выпуска 0
isbn 9785005123862



Скачать книгу

теллектуальной издательской системе Ridero

      ЕСІМНІҢ ҚАДІРІ

      Сәлем, менің атым Білімбек. Атымды азан шақырар алдында нағашы ағам қойыпты. Анам алғашында қарсы болған. Бірақ өмірден бағы ашылмаған нағашы ағам келеңсіз оқиғадан көз жұмды. Мен ол өмірден озғаннан кейін дүниеге келіппін. Дүниеден өткен адамның тілегін жерге қалдырмау мақсатында менің атымды ақыры анам мен әкем Білімбек деп қойды. Білемін, Білімбекке дейінге есімің қандай болған дейсіздер ғой? Анам мен әкем мен туылар алдында Арлан деген есімді жоспарлап жүрген. Бірақ өздеріңіз куә болғандай, әдемі ат менің тағдырыма бұйырмапты. Үлкен конференциялар мен дебаттарда өнерімді паш қылып жүрген тұста жұрт тұлғалығыма сүйсініп, атымды сұрайды. Сонда, ұзақ кідіріп, сөзге келе алмаған мені көрсеңіздер… «Есімің кім? Неге айтпайсың?» Деп олардың дауысы шаңқ етіп, жарғақ құлағыма жеткенде ғана мен қайта тірілгендей тілге келемімін. «Әәәә, есімім бе? Есімің кім дейсіздер ме?» Деймін де қашуға бекінемін. Алайда олай жасауға болмайтынын ішім сезеді де, өз атымды еріксіз айтамын. Жұрт басында аң-таң болғандай, үндемейді. Соңыра «Есімің тәп-тәуір ақ екен!» деп арқамнан сәл-пәл қағады. Олардың ойын телепатия арқылы оқығандай мен де жүгімді ала, конференция залынан қызара қашамын. Зымыранның жылдамдығымен, желаяқтың жүрісімен үйге тура бет алған мен кенет баяу қимылға көшемін де, үйге жеткенше жылап барамын. Жылаймын дегенім, арттық болар. Жігітке жылау – ар емей немене? Көзімнен болар-болмас сәл тамшы ағады да, мен оны қолорамалмен лезде жоямын. Сөйтіп, үйге дым болмағандай тәуір келемін. Анам әдеттегідей ыстық шай мен тамақты бал тамған шекердей дайындап қояды. Әкем бұл кезде газет оқып, үстел басында отырады. «Бүгін қандай дебат болды?» – бұл менің келгенімді сезген әкемнің әй-шәй деместен, қояр бірінші сұрағы. Анам да әкеме жағаласып, «Қой, бала жаңа ғана шаршап үйге келді ғой» деп айтады да, маған: – Арланжан, тамағынды іші ғой» дейді. Сонда көзілдірігін түріп, анама қараған әкем:

      – Анасы, оның есімі Білімбек екенін қанша рет айтуға болады?! Доғарсаңшы. – деп әкем ызаға булығады.

      – Болды! Баламыз сегізінші сыныпқа көшті. Ал сенің есімін ауыстырып беремін дегеніне бақандай он бес жыл болды! – деді анам Ғалия әкеме дауыс көтере сөйлеп.

      – Біз бұл мәселе жайлы сөйлескенбіз. – деп сабырмен жауап берді әкем.

      Ұрысты сырттан үнсіз бақылап отырған менің енді шынымен де жылағым келіп тұр. Әттең! Намысым жібермейді! Бұндайда мен дастархан басына үн-түнсіз келіп, отырамын да, тамақты ептеп жей бастаймын. Әкеме тура қарамаймын. Неге дейсіздер ғой?! Дәтім бармайды. Өйткені, ұрыстың басталуына өзімнің себепкер екенімді мен жақсы білемін. Анам жаныма келіп, қара көмірдей шашымнан жаймен сипайды. Мен анама қарауға оқталамын да, басымды көтеремін. Әкем газетті екі-үш бүктеп, кенет бөлмеден бипаз жүріспен шығады. Әкемнің бөлмеден шыққанын асыға күткендей, мен анама:

      – Анашым, әкем, менің есімімді шынымен де ауыстырмайды ма? Ауыстыруға қарсы ма? – деймін жаутандаған, аянышты көзбен.

      Анам тіл қатпайды. Кірпідей тікірегейген шашыма тыныштық берген анам бөлмеден шығады. Айдын жарығындай төрт қабырғалы ас бөлмеде жалғыз мен қаламын. Адам тәбетін тек шикі ас қана емес, ұрыс та бұзатынына менің енді ғана көз жеткізгендей, ас бөлменің терезесін түріп, құмырсқаша тіршілік еткен қаланың түнгі ауасына құлаш сермеп, айналаға көз тігемін. Қаланың шаңды ауасына тұншыққандай, менің басым айнала бастайды.

      Қара шашын қысып ұстаған Білімбек жерге талып құлады. Бір нәрсенің тарс еткенін естіген Білімбектің ата-анасы ас бөлмеге шырылдап жүріге келді. Мүшел жастан аман-есен өткеніне бір-екі жыл болған баланың басы айналып құлауы – жантүршігерлік жайт…

      Білімбек көзін әлсін ашып, айналасына қараса, ол мүлдем басқа жақта отыр. Аспан шөміш жұлдыздарға толы. Ал жердің беті ақ құммен көмкерілген. Көшенің бойында жүрген адамдар беттеріне қорғаныш маскасын киіп алған. Барлығының үстінде бірдей қыры көрінетін, үтіктелген костюм мен шалбар. Бірақ тоқтаңыздар… Олардың костюмдарында қандайда бір сандар жазылған. Білімбек орнынан басын ұстап тұрып еді кенет оны біреу арқадан қақты. Жүрегі дүрс соққан Білімбек оған үрейі ұша қарады. Сөйтсе, костюм киген қарапайым жігіт. Жігіт оны бір шолып шықты да, оның арқасынан тағы бір-екі рет қаға:

      – Өзің бұл жердікі емес көрінесің?! Қайдаң келдің бауырым?! – деді бейтаныс.

      – Бұл сұрақты негізі мен қоюм керек. Мен қайдамын? – деді Білімбек.

      – Ееее. Барлығы да түсінікті. Сен әлгілердің бірі екенсің ғой. – деп жігіт өз жөнімен кетпек болғанда Білімбек:

      – Тоқтаңыз. Қайда барасыз? Маған ештеңе айтпайсыз ба? Өтінемін, көмектесіп жіберіңізші. – деп жалбарынды Білімбек.

      Бейтаныс оған бұрылды. Білімбектің жас аққан жүзіне қарап, дереу оның жанына келіп:

      – Неге жылайсың?! Бұлай болмайды. Сен ер жігіт емессің бе? Есіңде болсын, былай енді істеуші болма! Жақсы ма? Егер, тағы жылайтын болсаң, саған көмектеспей қоямын. – деді бейтаныс ұл.

      – Жақсы. Маған дұрыстап барлығын айттып беріңізші. Мен қайдамын? —деді Білімбек.

      – Сен АЙЖМ (Ай және мен) атты ғаламшардасың. Бұл – Цифр қаласы. Иә,